Жаман айтты. Еркек - еркек сияқты болса екен. Кішігірім бетіне сақал шығып, киім үслігісі де алыстан еркек екендігі біліп дегендей. Қазір, кейбір пенделерді еркегі не, әйелі не айыра алмайсың. Жақынырақ қасына барып, дауысын естімесең, айыра алмайтындай болып кеткен адамдар да бар. Еркектер шашын қызыл-сарыға бояп, сырға тағып, пұтына тырыстырып киіп, Астағфируллаһ! Қыздар да дәл солай. Шаштары еркектердей қысқартып, шалбар киіп. Халық мейлі ғой, Құдайдан ұялу керек бауырлар! Мешітке сол киіммен кіре аласыздар ма? ЖОҚ! Шашы қызыл-сары, құлағында сырға, колготки сияқты тырыстырып шалбар киіп мешітке кіріп көріңіз. Сосын айтарсыз не боларын. Немесе әйелдер шалбар киіп, еркек секілді шашын қысқартып алып мешітке кіре алады ма? Бауырлар, Алла Тағала бізді тек қана мешітке көріп тұр деп ойлайсыз ба? Егер солай ойласаңыз, онда Құдайыңызды танымаған надан адам екенсіз. егер өзіңізді МҰСЫЛМАН санасаңыз, "Раббым - Алла, Пайғамбарым - Мұхаммед (ﷺ)" десеңіз, бір ғана хадис айтайын: Пайғамбар (ﷺ): «Әйелдердің арасынан ер адамға ұқсауға тырысқандарын және ер адамдардың арасынан әйелдерге ұқсағысы келгендерге Алла лағынет айтқан»,– деген. (Бұһари, Мүслим және т.б.) Cоңғы айтарым, мұсылман емеспіз десеңіз, маған десе тыржалаңаш жүре беріңіздер! Бірақ, бұл дүниеде де, ахыретте де жауап бар! Алла Тағала сіздерді де, бізді де кешірсін. Қазақ Елін Ислам дінімен көркейітсін. © Бауыржан Нұршаріп

Теги других блогов: мұсылман әйел мешіт еркек